Кездесу аудан әкімі Бекқали Торғаевтың төрағалығымен өтіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауын жүзеге асыру және қабылданған әлеуметтік бағдарламалар жайы талқыланды. А.Бижанов өз сөзінде Жолдаудың мән-жайы мен ондағы басым бағыттарды түсіндіріп, сауалдарға жауап берді. Сенатор бұған дейін де Алматының бірнеше ауданында болып, Елбасы Жолдауы, әлеуметтік бағдарламалар бойынша жұртшылықпен кездесу өткізген болатын.
19:20, 26 Сәуір 2011
Сенатор Ақан Бижанов Алматының Әуезов ауданында болды
АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін сенатор Ақан Бижанов Алматының Әуезов ауданының активімен кездесті.