Кездесуде мәслихат депутаттары бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.
Андрей Лукин Сенатта жүргізіліп жатқан заңнамалық жұмыстың барысы туралы хабардар етті.
«Парламент VIII шақырылымның I сессиясы барысында жалпы алғанда 25 заң актісін қабылдады. Сондай-ақ, «Өңір» депутаттық тобының жұмысы қарқын ала түсті және құрамы жаңартылды. Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес қайта ұйымдастырылды, оның құрамына мәслихаттардың барлық төрағалары енетін болды. Кеңестің мақсаты мен міндеті де нақтыланды. Сонымен қатар, 30 наурызда Сенат төрағасының төрағалық етуімен «Өңір» депутаттық тобының жаңартылған құрамдағы бірінші отырысы өтті. Онда сенаторлар VIII сайланған Парламенттің I сессиясының ашылуы барысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың еліміз Парламенті мен Үкіметінің алдына қойған міндеттерін талқылады», - деп атап өтті Андрей Лукин.
Сенатор Астана қаласындағы Есіл, Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа және Нұра аудандары прокуратураларының қызметкерлерімен де кездесті. Олардың қызметімен, материалдық техникалық жабдықталуымен, елорда аудандарындағы қадағалау мекемесі мен құқықтық тәртіптің жұмысымен танысты.
Депутат Андрей Лукин биылғы наурыз айынан бастап парламенттік корпус пен Бас прокуратураның бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарғанын атап өтті.