Сенатор астаналық студенттерге Президент реформаларының мәнін түсіндірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутататтары Бейбіт Исабаев пен Ақылбек Күрішбаев Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стундеттерімен «ҚР Президентінің реформалары: жастардың рөлі мен үлесі» атты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға білім орнының студенттері, оқытушылар, ғалымдар қатысты. Сұхбат-әңгіме форматында өткен шарада, жастар Парламент өкілдеріне елдің келешегі, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, қазақ тілінің тағдыры сияқты тақырыптар бойынша сұрақ қойды.

Ал сенаторлар елдегі жаңа саяси бағыт туралы әңгіме өрбітіп, жастарды осы өзгерістердің бәріне сергек қарап, тың бастамалар ұсынуға шақырды.

«Шын мәнінде бүгін біз күрделі, ауыртпалығы үлкен сын кезеңге тап келіп отырмыз. Бұл тек Қазақстанның басына басына ғана түсіп отырған сын сәт емес. Бүкіл әлемде өте күрделі геосаяси, геоэономикалық өзгерістер жүріп жатыр. Бұл уақыт, бұл кезең мемлекетіміздің дамуындағы жаңа бір саты ғой деп ойлаймын. Өткен 30 жылда егемендіктің берік іргетасы қаланды.

Бірақ өмір бір орнында тұрмайды. Алға жылжып, жаңа міндеттер мен мақсат-мұраттар жолында өсіп-өнуіміз керек. Қазіргі уақыт алдымызға қойып отырған ең үлкен талап – сапаның, білім мен біліктіліктің, бәсекенің талабы. Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі үлкен мақсат алдымызда тұр. Еліміздің алдында тұрған ең басты мақсат – егемендігімізді, елдігімізді, мемлекеттігімізді одан әрі тұғырлы етіп, жаңа бағыттың, жаңа заманның талабына сай, жаңа типтегі, жаңа үрдістегі мемлекет құру», - деді сенатор Бейбіт Исабаев.

Ал Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, елімізде күрделі саяси, экономикалық өзгерістер басталды.

«Жаңа Қазақстанды, бұйырса, құрамыз, Әділетті қоғам бізде болады. Бірақ соның бәрін ретпен келтіруіміз керек, Эволюциялық жолмен, ақылмен істеу қажет. Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, неше түрлі пікірлер бар. Қырық пышақ болып жатырмыз қазір. Блогерлер сондай ортада пікір қалыптастырып жатыр. Әлемде неше түрлі қорлар бар. Сол қорлардан ақша алатын блогерлер бар», - деген Сенат депутаты Жаңа Қазақстан экономиканы олгархиялық жүйенің ықпалынан азат еткенде ғана құралытынын атады.

«Олиграхтардың экономикасын қиұртамыз, әділетті Қазақстан қалыптастырамыз деп жатырмыз. Сараптамалық мәлімет бойынша, біздің экономикамыздың 55 проценті 162 отбасыға тиесілі екен. Президент осындай олигаполияға жол берілмейтінін, орта және шағын бизнесті дамытуға басымдық берілетінін айтты. Әрине, ашығын айтсақ, ондай ұстаным әлгі байларға ұнамайды. Жинаған байлығын оңалйықпен бере салғысы келмейді. Солардың қолшоқпарлары пайда болды. Оны да жастар білуі керек. Олар қазір үгіттеп, арамызға іріткі салып, өтірік әңгімелермен ресми билікке, реформаларға қарсы шығып жатыр. Осы дүниенің бәрін ойланып жүру керек», - деді сенатор.