Сенатор Атыраудағы балықтардың қырылуына қатысты: Мұнай компанияларын тексеру керек

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы балықтардың қырылуына байланысты оқиғаны тексеру барысында мұнай компанияларын тексеру қажет деген ұсыныс жасалды. Бүгін министрліктер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен мәжілісте осындай пікір айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше өңірдегі мұнай-газ кешенін толықтай қарау керек. Нақтырақ айтқанда барлық мұнай компанияларын соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын да тексеру керек. Жұмыс істемей тұрған мұнай ұңғымаларын да қарап көрген жөн. Олардың кейбіреулері бұрыннан-ақ мұнай жіберіп тұрған болуы мүмкін»,-деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Бұл ұсынысты мәжіліске қатысушылардың барлығы қолдады.