Сенатор аудандық газет ұжымымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Жамбыл облысында болған кезде Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің редакциясында басылым ұжымының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: senate.parlam.kz

Газет өкілдері кездесу барысында аудандық газеттің жұмысы туралы хабардар етті.

Сенатор палатаның жұмысы және қабылданып жатқан заңдар туралы айтып берді. Сондай-ақ Әлеуметтік кодекске қатысты және интернет-алаңдар мен интернет-жарнама туралы заңдарға да тоқталды. Депутат барлық заң халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін қабылданып жатқанын атап өтті.


«Интернет-алаңдар және интернет-жарнама туралы» заңның негізгі мақсаты – онлайн платформалардың жұмыс істеу мәселелері мен онлайн-жарнамаларға қойылатын талаптарды құқықтық реттеу. Заңның міндеті – әлеуметтік желілердегі жәбірлеу, қорлау, қаржы пирамидалары сияқты жағымсыз фактілерден Қазақстан азаматтарын қорғау арқылы елдегі саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу», - деді сенатор.