Сенатор Б. Шелпеков Түркіменстанда болды

None
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бақтыбай Шелпеков Түркіменстан Мәжілісінің шақыруы бойынша 8 қазанда Түркіменстанның тәуелсіздігінің 22 жылдығын мерекелеуге арналған Балқан уәлаятындағы шараларға қатысты.

Сапар барысында Түркіменстан Мәжілісінің Төрағасы Акджа Нурбердыевамен кездесіп, онда тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі туралы мәселелерді талқылады.