Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Ғ.Есім қазақ философиясының тарихи зерттеулерімен, саясат, мәдениет және діни философиясы мәселелерін зерттеуге арналған мақалаларымен Қазақстан жұртшылығына кеңінен танымал. Профессордың Абайтану саласындағы, Шәкәрім және Ясауи шығармаларын зерттеудегі ғылыми ізденістері қалың көпшіліктің ұдайы назарында. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген сенатор алдағы шығармашылық жоспары туралы әңгімелеп, студент жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Ғ.Есім Ұлттық академиялық кітапханамен ежелден шығармашылық байланыстар орнатқан. Ол «Бір ел - бір кітап» шарасын ұйымдастыру комитетінің мүшесі, кітапханада оның «Социализм - күнә және кінә туралы роман» - «Социализм - роман про грех и вину» кітабының тұсаукесері болды.