Сенатор И.Адырбеков ҚХР ҚКП ШҰАӨ Тұрақты Комитетінің мүшесі Ғ.Сабкейұлымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қазанда Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Қытай Коммунистік партиясы Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық өлкесі Тұрақты комитетінің мүшесі Ғанибет Сабкейұлын қабылдады.

Мейманды қарсы алған И.Адырбеков Қытаймен тату көршілік қатынастарды қалыптастыру Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті. «ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға президенттік сайлаудан кейін келген алғашқы шетелдік басшы болды. Осылайша ҚХР Төрағасы Қазақстан мен Қытай қатынастарының Орталық Азия аймағындағы биік мәртебесі мен ерекше маңызын нақтылады», - деді ол.

Кездесу барысында И.Адырбеков «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басты мәселелеріне жүздесушінің назарын аударды және ол бағдарлама мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл келешегінің ортақ көріністерін көрсететінін атап өтті.

Жүздесушілер әлемдік күн тәртібіне қатысты пікір алмасты және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің келешегін талқылады.

Кездесуге сенатор Георгий Ким де қатысты.