Сенатор Индер ауданындағы ауыл тұрғындарын алаңдататын мәселелермен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов аймақтарға сапар барысында Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Жүздесуге облыстық, аудандық мәслихат депутаттары,кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, мекеме, кәсіпорын басшылары, ардагерлер,әлеуметтік сала қызметкерлері, әкімшілік бөлім басшылары және ауыл тұрғындарықатысты.

Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы әлеуметтік мәселелершешімін тауып келе жатқанын атап өтті. Дегенмен, жергілікті тұрғындардыалаңдатып отырған мәселелер де бар екені айтылды. Жайық өзені суының жылданжылға азайып бара жатқаны, орман-тоғайдың жағдайы нашарлағаны, шабындық, малазығы жетіспейтінін, мал ұрлығы тоқтамай тұрғаны сөз болды. Тұрғындар осымәселелерді орталықтан жүйелі түрде қараса деген тілектерін білдірді. Соныменбірге, Жер кодексінің ережелері жас және жаңадан кәсіп бастайтын адамдарғакедергі жасап отыр деген пікір айтылды.


Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов мемлекет тарапынанқайтарымсыз несие алып, өз ісін бастаған жас кәсіпкерлермен кездесті. Олардыңбірі 1995 жылдан бері жұмыссыз жүрген Жаңаша Иманқұлова қайтарымсыз кредит алып,шаштараз қызметін қолға алған. Мемлекеттің осы бағыттағы саясатына ризашылығынбілдірді.

Сәрсенбай Еңсегенов суретші Тілек Халиннің ел, ауылтарихы, салт-дәстүрді баяндайтын, тәрбиелік және танымдық маңызға ие суретгалереясында болды. Зейнеткер суретші тәжірибесі мен білімін жастарға үйретуде.