Сенатор Қ.Айтаханов Халықаралық эпизоотикалық бюроның Дүниежүзілік ассамблеясына қатысты
18:07, 26 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Париж қаласында өтіп жатқан Халықаралық эпизоотикалық бюроның Дүниежүзілік ассамблеясы 83-ші Бас сессиясына қатысуда.
Ұйымға мүше 180 елден келген делегаттар мен ХЭБ байқаушылары әлемдегі жануарлар саудасы мен жануарлардан алынатын азық-түліктің қауіпсіздігі және ветеринарлық қызмет сапасын арттыруға қатысты халықаралық стандарттар қабылдау мәселелерін талқылауда.