Сенатор «Қазақстан тұрғын үй» компаниясын Ұлттық қордан қаржыландыруды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамын Ұлттық қордан қаржыландыру ұсынды.

Фото: gov.kz

- Жаңа бюджет кодексінің қолданысқа енуіне байланысты бұған дейін елді мекендердегі республикалық даму бюджеті есебінен қаржыландырылып келген іс-шаралар 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер базасына берілді. Тек жалпымемлекеттік маңызы бар, аса маңызды нысандарға ғана ерекшелік жасалған. Жаңа жүйеге көшу өңірлердің нақты қажеттілігі мен бөлінетін қаражат арасындағы айтарлықтай алшақтықты көрсетті. Бұл инженерлік инфрақұрылымның шектен тыс жеткіліксіз қаржыландырылуына әкеліп соғып отыр. Нақты қажеттілік 184 млн теңге болса, биыл жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде желілерді дамытуға бөлінген қаржы көлемі небәрі 26,6 млрд теңге болған, - деді сенатор.

Оның айтуынша, осының салдарынан жобалар кешігіп, құрылыс шығындары арттырып жіберуі мүмкін.

- Дайындалған жер телімдерінің өткір тапшылығы туындауы мүмкін. Тұрғын үй мен инфрақұрылым нысандарын іске қосудың жоспарын бұзылу қаупі қалыптасады, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Сенатта мұғалімді артық жүктемеден босататын заң мақұлданды.