Шараны Вена Біріккен институты мен Халықаралық Валюта қоры ұйымдастыруда. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды. Семинардың мақсаты Орталық Азия мен Кавказ елдерінің алдында тұрған экономикалық проблемаларды тереңнен зерттеу, жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен даму мәселелері бойынша талқылау және пікір алмасу болып отыр. «Бұл ретте шараға қатысушылар өңірдегі экономикалық басқарудың әртүрлі қырларын қарастырады. Оған өңірдегі ХВҚ мен ДСҰ-ның рөлін бағалау, анағұрлым өзекті экономикалық мәселелерді талқылау және бірінші кезектегі реформалар саясатын әзірлеп, іске асыру кіреді» делінген баспасөз баянында.
17:11, 27 Шілде 2015
Сенатор Ләззат Тұрлашов Венада экономика жөніндегі өңірлік семинар жұмысына қатысуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Тұрлашов 27 шілдеде Вена қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мен Кавказ елдерінің парламентшілеріне арналған экономика жөніндегі өңірлік семинардың жұмысына қатысуда.