Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен отырыс кезінде Əли Әбдікәрімұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Республика деңгейінде атқарылған жұмыстар туралы айта келе, мақаланың ұлттық кодымызға, болмысымыз бен санамыздың дамуына маңызы өте зор екендігін жеткізді. Кездесу барысында аудан депутаттары мен тұрғындар тарапынан сенаторға сауалдар қойылып, тиісті деңгейде жауаптар берілді.
Дәл осындай кездесу Түлкібас ауданында да өтті.
Әли Бектаев, сонымен қатар, Ақсукент елді мекенінің іргесіндегі жылыжай кешенін аралап көрді. Қазір бұл кешен түрік технологиясымен қияр, қызанақ өсіреді. Аумағы 2 гектардан асатын жылыжай жарты жылда 250-300 тонна өнім беруге қауқарлы.