Еске сала кетейік, Елбасының Жарлығымен Ескендіров Самат Сапарұлы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған еді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына депутаттың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным жасап, палата депутаттары осыған қатысты арнайы Қаулы қабылдады.
Сенат спикері Қайрат Мәми өңір басшысының жұмысына сәттілік тілеп, Елбасының жоғары сенімін ақтауға бар күшін салатынына үміт артатынын жеткізді.