Бағдарлама НАТО саясатын, Альянстің Еуропадағы Біріккен күштерінің штаб-пәтерінің қызметін, НАТО-ның түрлі әріптестерімен өзара қарым-қатынастарын тереңдетіп зерделеуді, сондай-ақ Альянс басшылығымен кездесу өткізуді көздейді.
18:26, 29 Маусым 2015
Сенатор С.Громов НАТО ПА ұйымдастырған оқу бағдарламасына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 маусым - 1 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Громов НАТО Парламенттік Ассамблеясы ұйымдастырған оқу бағдарламасына қатысады.