Депутат ауыл шаруашылығындағы суару жүйесінің өзекті мәселелеріне, сондай-ақ фермерлерге жағдай жасауды жан-жақты пысықтау қажеттігіне назар аударды. Ол сондай-ақ, жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығындағы ирригация жүйесінің проблемасы туралы айта келіп, жергілікті және атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылы арқылы мәселені шешу жолдарын қарастырды.
«Суару желісі мен гидротехникалық құрылыстарды жаңартпау мен жаңғыртпаудың салдарынан және күрделі жөндеу жасамай ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін олардың әбден тозғаны белгілі болып отыр. Суды жіберген кезде шығыны көбейеді, суармалы жерлер толық игерілмейді. Бұл мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен суару желісін қайта жаңартуға 5 миллиард 34 миллион теңге бөлінді», - деп атап өтті сенатор.
Депутат Райымбек ауданындағы суару арналарының жай-күйімен танысып, су пайдаланушылардың өтініштерін тыңдады.