Сенатор тәртібі қиын балаларға арналған лагерьде болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында еліміздің Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қала сыртындағы лагеріне барды, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

Депутат балалардың қала сыртындағы демалыс аймағында болу бағдарламасыментанысты және Академия басшылығымен қиын жасөспірімдерге арналған лагерьұйымдастыру бастамасы туралы жан-жақты әңгімелесті. Балалар қала сыртында алғашрет демалғандарын айтып, алдағы жылдары да демалысты осылай ұйымдастыру туралы өтінішжасады.

Балалар қаладан академияның автобусымен барады, сондықтан тамақтануға ғана ақшашығады екен. Сенатор білім және ғылым, ішкі істер министрліктерімен бірлесеотырып Ш.Қабылбаев атындағы академияның оң тәжірибесін қарастыру және осытәжірибені мүмкіндігінше тарату жайында ойларын ортаға салды. Бұл еліміздегі жекеинвестицияға қиын балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру жөніндегі алғашқытәжірибе болып отыр.

Соңғы жаңалықтар