Оның айтуынша, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде бөгеттің жарылуы және елді мекендерді су басу, Риддердегі өрт, сондай-ақ Алматы мен Өскемен маңындағы қоқыс полигонында болып жатқан оқиғаларды талдау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және өзге де мемлекет мүддесінің қозғалатынын көрсетеді.
«Төтенше жағдай органдары материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау ісінде қаржы жеткіліксіз бөлініп келеді және қолданыстағы нормативтердің 58%-дан сәл ғана асатын деңгейді құрап отыр. Халықты және еліміздің қауіпсіздігін қорғау үшін әлеуметтік нысандар құрылысына жұмсалатын шығындар да қысқаруда», - деді Сергей Ершов Сенаттың жалпы отырысында.
Сенатор осыған байланысты 2022 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде азаматтық қорғау органдарын тиісті материалдық-техникалық жарақтандыруға бағытталған қаржыландыруды қарастыру қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар, депутат ТЖ органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты проблемаларды, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» Заңды жетілдіру мәселелерін де айтты.