Сенатордың ұлы әкесін пышақтап, артынан өзін-өзі атып өлтірді

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Вирджиния штатының сенаторы Крейг Дидсқа шабуыл жасалды.

Көптеген жарақаттармен саясаткер ауруханаға жеткізілді. Ал оның 24 жастағы ұлы Гаса Дидсты дәрігерлер аман алып қала алмады. Ол оқ жарақатынан мерт болды.

Вирджиния полициясының баспасөз хатшысы Колинн Геллердің айтуына қарағанда, саясаткерге оның өз ұлы шабуыл жасаған. Телеарнаның мәліметтері бойынша, жас жігіт әкесін бірнеше рет пышақтап, кейін өзін-өзі атып өлтірген.

Роберт Дидс 2011 жылы Вирджинияның сенаторы болып сайланған болатын, деп хабарлайды utro.ru