Сенаторлар Ақмола, Қарағанды облыстары тұрғындарына бір күнгі еңбекақыларын аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппарат қызметкерлері тасқын судан зардап шеккен Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына бір күнгі еңбекақысын аударды.