Депутаттар әр тұрғынына 100 мың теңгеден беру бойынша жұмыс барысын,қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сапар барысында шаһардағыжаңа стадионды қайта ретке келтіру мәселесі де көтерілді.
Депутаттар облыстағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді.Ордабасы мен Түлкібас аудандарына барғанда субсидиялау, ауыл шаруашылығынанесие бөлу, мал өнімдерінің бағасын түсіру сияқты маңызды мәселелер көтерілді.
Сайрамауданының тұрғындарымен өткен кездесуде мұғалімдер мәртебесін көтеру,комуналдық төлемдер құны, әлеуметтік медициналық сақтандыр туралы сөз болды.
Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкенттегі жұмыссапары аясында атаулы әлеуметтік көмек арқылы үйінен тігін цехін ашып, оныдөңгелетіп отырған Тілләгүл Қарсыбаеваның шаңырағында болды.
«Күміс алқа» иегері Тілләгүл Тасболатқызы сенаторға қалай шағын кәсіпкекелгенін әңгімеледі. Мемлекеттен берілген қаражатқа тігін машиналарын сатыпалып, жұмысын бастаған.
Кездесу барысында А.Жарылқасынқызы мемлекеттік қолдау шараларының аясындакөп балалы отбасылар жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын айтып өтті.
Жалпы Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмекті алуға 68 мың отбасықұжат тапсырып, оның 40 мыңға жуығына әлеуметтік көмек тағайындалған.