Сенат спикері көңіл айту жеделхатында дипломат әрі мемлекет қайраткерінің ерен еңбегін атап өтті.
«Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай ұзақ уақыт Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Ол біздің еліміздің консулдық қызметін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысы жоғары бағаға лайық», - делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін дипломат Асхат Нұсқабайдың өмірден өткенін жазған болатынбыз.