Сенаторлар әскери қызмет өткеру мәселелерін реттейтін заң жобасын қарады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Сенатор Сергей Ершов осы Заң жобасының жаңалықтары туралы айтты. Ол арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілер тұрып жатқан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге мүмкіндік беретін түзетулерге назар аударды.

Сондай-ақ әскери қызмет пен арнайы мемлекеттік органдарда қызмет өткерудің жекелеген мәселелері регламенттелетін болады.

Талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.