деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Сапар барысында сенаторлардың жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді билік активтерімен кездесуі жоспарланған. Кездесулерде халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономикалық өркендеуге, еліміздің индустриялық дамуы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясатты түсіндіруге ерекше назар аударылатын болды. Сайлаушылар 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке Парламент енгізген түзетулер туралы да хабардар болады.