Республика облыстарында болған кезде сенаторлардың жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді билік активімен, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі көзделіп отыр.
Онда индустриялық-инновациялық стратегия, әлеуметтік жаңғыру, аймақтық дамуды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдау саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Кездесулерде сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы Декларациясы жобасының негізгі ережелері түсіндірілетін болады.