деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш құжат биоотын өндірісі кезінде мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, атмосфераға ластаушы заттардың шығарылу деңгейін азайту жолымен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Сонымен қатар заң жобасы биоотын өндірісін дамыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдауға және биоотын өндірісі саласына жаңа технологиялар енгізуді көздейді. Бұған қоса заң жобасы үкіметке биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемін айқындауға мүмкіндік беретін нормаларды енгізеді. Заң жобасы қабылданған жағдайда ол әлеуметтік және экономикалық салаға кері әсерін тигізбейді және биоотын өндірісі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп, отын ресурстарының экологиялық таза көздерін ұтымды пайдалану үшін қажетті құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды.
Отырыста құжатты жан-жақты талқылаған депутаттардың пікірлері екіге бөлінді. Олардың бірі заң жобасын қабылдау қажет десе, екіншілері оған қарсы болды. Сонымен қатар астықты отынға пайдалану қажет пе деген мәселе төңірегінде де пікірталас туындады. Осыған байланысты сенаторлар құжатты бірінші оқылымда мақұлдап, оны екінші оқылымда қарау үшін бас комитетке дайындауға жіберу қажет деп шешті.
Депутаттар сонымен қатар отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдап, оны екінші оқылымда қарау үшін бас комитетке жолдады.