Сенаторлар десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскери қызметшілері және жаяу әскерлер басшылығымен кездесті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері №68665 әскери бөлімінде десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскери қызметшілерімен және еліміздің Қорғаныс министрлігі жаяу әскерінің басшылығымен кездесті.

Кездесу алдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде өтетін әскери-патриоттық шаралардың бастауы болды.

Сенат комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков салыстырмалы түрде алғанда жақында пайда болған бұл мерекені жұртшылық кеңінен қолдағанын және әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапқанын атап өтті.

Кездесу барысында депутаттар Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік қызметін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Сенатор М.Алтынбаев Парламент қабылдаған, бітімгершілік қызметіне ұлттық контигенттің қатысу туралы шешім қабылдау және қатысуды аяқтау туралы негіздеме тәртібі реттелген «Бітімгершілік қызметі туралы» заң туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. «Заңда ұлттық контигентті бітімгершілік операцияларына қатысуын оқыту және оған әзірлеу көзделіп отыр. Сондай-ақ ұлттық контигентті әлеуметтік қорғау шаралары, оның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі қарастырылған», - деді М.Алтынбаев.