Сенаторлар халықпен кездесіп, өңір проблемаларын талқылауда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтыншы шақырылған ҚР Парламентінің сессиясы жабылғаннан бері 10 күн өтті. Сенат депутаттары осы уақыт ішінде қалалар мен ауылдарда болып, жұртшылықпен жүздесті, халықаралық кездесулерге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Нұр-Сұлтанқаласындағы әскери және өрт сөндіру бөлімдерінде болды. Онда ол өрт сөндіруге арналған жаңа техникамен және өрт сөндіру бөлімініңжабдықталуымен танысып, өртсөндірушілермен және құтқарушыларменкездесті. Әңгіме барысында қауіпсіздік, әлеуметтік нысандарды сақтандыру,халықты төтенше жағдай кезінде дұрысіс-қимыл жасауға үйрету бойынша талаптарды күшейту туралы сөз болды. Олсондай-ақ 5573 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті.


Сенат депутаты Рысқали ӘбдікеровҚарағанды облысында болды. Ұлытау және Жаңаарқааудандарында, Сәтбаев, Қаражал, Жезқазған қалаларында болған кезде азаматтарды жеке сұрақтарыбойынша қабылдады. Тұрғындар түрлі мәселелерді көтерді, соның ішінде азаматтықалу, кентінен Сәтбаев қаласына қоныс аудару, мүгедектікті ресімдеу, көп балалы отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек алу, пәтер, елдімекендерді абаттандыру мәселелеріболды.

Сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев пен СерікБектұрғанов Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.Депутаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мәселелерін талқылады. Оларсондай-ақ Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Азамат Тұрсыновпен де әңгімелесті. Бірқатарпроблемалық мәселелерді бақылауға алу, сондай-ақ депутаттық сауалдарды дайындаукезінде айтылған мәселелерді ескерутуралы шешім қабылданды.

Сенатор Динар Нөкетаева Арыстан келгенбалалар тобын қарсы алды. Олар Алматықаласының маңындаорналасқан «Өрнек» жазғы сауықтыру лагеріндедемалады. Динар Нөкетаева жасмеймандармен әңгімелесіп,бәріне демалыстары жақсыөтуіне тілетестігін білдірді.


Сенатор сондай-ақ «Спутник» балалар сауықтыруорталығы мен «Сәлем» сауықтыру лагерінде де болды. Осындай орталықтардапатриоттық, тарихи, танымдық тақырыптарға арналған іс-шараларды өткізудіңмаңыздылығын атап өтті.

Сенат депутаты сауықтыру орталықтарында балалардыңжазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде бірқатар ескерту айтты, оларды қысқамерзімде түзетуді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында сенатор киім тігетін жәнеаяқ киім шығаратын «Қазлегпром-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндеболды. Ол кәсіпорын ұжымына жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған алдағызаңнамалық бастамалар туралы әңгімеледі.



Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ерболат Мұқаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысыныңбірнеше ауылдары мен кенттеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сенаторлараудан орталығында 100 орындық интернат, 300 орындық мектеп-гимназия, 3 қабаттыкоммуналдық тұрғын үй құрылысымен танысты. Депутаттар сондай-ақ таза су келетінқұбырдың құрылысында да болды. Сенаторлармен кездесуде шаруалар көктемде жәнекүзде отынның қымбаттайтынын айтып, маусым кезінде бағаны төмендетуді немеседизель отынын субсидиялаумен көмектесуді сұрады.

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов жұмыс сапарымен Атырау облысына барып қайтты. Депутат Атырау қаласыныңтұрғыны Қадиша Жақсылықовамен және оның қызы, II топтағы мүгедек Қаламқас Сүндетоваменкездесті. Жеңілдікке ие тұрғындардың тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ халықтыәлеуметтік қолдау жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселелерін көтергенөтініштерін тыңдады.

Сенаторлар Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, МихаилБортник, Ғұмар Дүйсембаев және Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен ЕҚЫҰПарламенттік Ассамблеясының Люксембургтегі жыл сайынғы 28-ші сессиясынақатысты. Биыл отырыс қауіпсіздікті нығайту мүддесінде тұрақты дамуғажәрдемдесетін парламенттердің рөліне арналды.

Жалпы, өңірлерге сапар кезінде депутаттар 792 тұрғынды тыңдады, жергілікті халықпен84 кездесу өткізді, 62 өтініш қабылданды.

Өңірлердегі кездесулер 2019 жылдыңқыркүйегіне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар