Сенаторлар «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті талқылады

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі талқыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталмыш құжат денсаулық сақтау саласында мемлекет пен денсаулық сақтау саласының және азаматтардың жауапкершіліктері негізінде жүргізілетін реформалардың құқықтық негіздерін қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар онда азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қоғамның денсаулық пен денсаулық сақтау саласына деген көзқарасын өзгерту болып табылады. Бұған қоса онда ұлттық медицинаның мәртебесін көтеріп, денсаулық сақтау саласындағы заңнамалардың халықаралық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған баптар бар. Отырыс барысында депуттар аталмыш заң жобасына денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты тиісті түзетулер енгізуге бағытталған құжатты да талқылады. Заң жобаларының барлығы Сенаттың отырысында қаралатын болып шешілді.