Сенаторлар Қапшағай қаласында бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Сенат депутаттары аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысуда.

Алматы облысында сапарда жүрген сенаторлар Нұрлан Қылышбаев пен Аңсар Мұсаханов Қапшағай қаласында, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтарында бірқатар кездесулер өткізді. Депутаттар «Агрипак» орау өнімдерін өндіретін цехында, «Рауан» шаруа қожалығында, «Балық өндірісі», «Грин Лэнд Алатау», «Маревен Фуд Тянь-Шань» мекемелерінде болды. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Заречный ауылдық әкімдігінде салынған бу қазандығының жұмысымен танысты.

 

Сенаторлар Балқаш ауданында «Dinara-Ranch» және «ӨтесБиоАзия» агрофирмаларының еңбек ұжымдарымен, сонымен қатар аудандық қоғамдық кеңес пен жергілікті полиция басшылығымен кездесті.

Жүздесу барысында Н. Қылышбаев пен А. Мұсаханов бес институттық реформалар мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналып Парламентте қабылданған заңдар туралы сайлаушыларды хабардар етті.