Сенатор мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын ең айқын әлеуметтік сала екенін атап өтіп, белгілі бір жетіспеушіліктер мен олқылықтар салық түсімдерінің, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің азаюына, салық және кедендік құқық бұзушылықтардың ұлғаюына, солардың нәтижесінде еліміздің экономикасына теріс әсерін тигізуі мүмкіндігін атап өтті.
Кездесуде Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин сөз сөйлеп, 2014 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және биылғы жылға жоспары туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысында Д.Ерғожин әкімшілендірудің бизнеске ауыртпалықтарын азайту, салық әкімшілендіруі, салық төлеуден жалтаруға қарсы халықаралық тәжірибені біздің елімізде қолдану, оффшорға шығарылған ақша қаржысын анықтау шаралары, көлеңкелі айналымды болдырмау, Кеден одағы аясындағы құқықтық әкімшілендіру, салық салу қызметін жетілдіру, камералық бақылау, салық жүйесін жаңғыртуға қатысты депутаттардың сауалдарына жауап берді.