Сенаторлар Кедендік бақылау комитетінің мониторингтік орталығында болды

АСТАНА. 24 қаңтар ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің депутаттары ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комиетінің мониторинг орталығы ашылуына қатысты.

Палатаның баспасөз қызметінен хабарлауынша, кездесу барысында сенаторларға республика шекарасында кеден органдары қызметін мониторингтеу жөніндегі жедел басқару орталығының кейбір мүмкіндіктері, сондай-ақ бұзушылықтар орын алған жағдайда кеден бекетттерінен телефон шалатын тегін call-орталығы көрсетілді.

Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Икрам Адырбековтың атап өтуінше, кедендік қызметті халықаралық стандарттарға сәйкес реформалау бойынша белсенді жұмыс 2008 жылдан бері жүргізілуде. «Кедендік бақылау комитетінің заманауи мониторингтік орталығын құру біздің еліміздіңКедендік одақ аясына, сондай-ақ ДСҰ-ға кіруіне дайындығының жоғары деңгейін көрсетуде», - деді сенатор.

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мониторингтік орталықты құру кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Онлайн режимінде ол депутаттарға кедендік қосындар мен өткізу пунктерінде құрылған бейнебақылаудың жедел орталығының жұмысын көрсетті. Бұдан басқа, ол кедендік органдар қызметінің регламентінің бұзушылығы бойынша келіп түсетін барлық шағымдар тіркеліп, өнделетін call-орталықтың жұмысына назар аудартты.

Сенаторлар кедендік қызметті дамыту, есірткі ағынына қарсы күрес саласындағы жұмыс, сондай-ақ кедендік қосындар мен олардың заманауи коммуникация құралдарымен жабдықталуы жайында таныс болды..

Кездесуге сондай-ақ сенаторлар Әділ Ахметов, Мұхтар Алтынбаев, Оралбай Әбдікәрімов, Ғани Қасымов, Сергей Кулагин қатысты.