Сенаторлар Көкшетау қаласының жылыту маусымына дайындығымен танысты
20:41, 24 Шілде 2023
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Парламент Сенатына Ақмола облысынан сайланған депутаттар Нұрлан Бекенов пен Талғат Жүнісов Көкшетау қаласында болды. Қаладағы бірқатар нысанды аралап, жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламентшілер алдағы жылыту маусымына жабдықтар мен жылу желісінің дайындығы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қазандықтардың жағдайынан хабардар болды. Сенаторлар Красный Яр ауылына барар жолда орналасқан оқу-тәрбие кешені құрылысының барысымен де танысты.
Депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесіп қолға алынған шаралар, оның ішінде энергетика саласын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді.