Сенат отырысында депутаттар заң жобасын қорғауға келген ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевке көп сауал қойды. Құжатта кереғар тұстар да жетерлік екені анықталды. Осыған байланысты сенаторлар бірнеше ұсыныс енгізе отырып, аталмыш заң жобасын Мәжіліске қайтаруды ұйғарды.
«Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында Сенат комитеттерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады», - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Р. Аxметов.