Сенаторлар ҚР Ұлттық ұланының бүгінгі жай-күйімен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков бастаған комитет мүшелері мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов депутаттарды еліміздің Ұлттық ұланының жауынгерлік қызметі және әскердің жеке құрамына жүктелген құқық тәртібінің міндеттері туралы айта келіп, Ұлттық ұланды одан әрі дамытудағы келешекте атқарылатын істер жайында хабардар етті.

Сенаторлардың назарына техниканың, қару-жарақ пен қорғау құралдарының жаңа үлгілері, сондай-ақ Ұлттық ұлан қамтамасыз етілген киім үлгілері көрсетілді. Депутаттар Ұлттық ұланның Орталық мұражайында болып, құқық тәртібі әскерінің даму тарихынан хабардар ететін көріністермен танысты.