3 мамырда сенаторлар А. Күзеков пен М. Көбенов Баянауыл ауданындағы қоғам қайраткерлерімен, ақсақалдарымен, әкімдік қызметкерлерімен және кәсіпорындар басшыларымен кездесу барысында Жер кодексіндегі жаңалықтар туралы әңгімелеп, жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді түсіндірді.
Сенаторлар А. Күзеков, М. Көбенов және В. Бобров таяу күндері Ақтоғай, Ертіс және Павлодарский аудандарына барады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Ищанов пен Сәрсенбай Еңсегенов аймақтарға сапар аясында Атырау облысында болды.
Сенаторлар Махамбет ауданындағы Ақтоғай ауылы мен Индер ауданындағы Өрлік ауылында болып, аудан басшылығымен, аудандық мәслихат депутаттарымен және бірнеше шаруа қожалықтарының еңбеккерлерімен кездесті. Жүздесу барысында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы мен бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Сенаттың заң шығару жұмысы туралы таныстырылды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің маңызы туралы айтылды.
Депутаттар Атырау қаласы аймағындағы Бекіре балық өсіру зауытының ұжымымен кездесу барысында еліміздің 2016-2018 жылдарға арналған республика бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, балық шаруашылығын өркендетудің өзекті мәселелері туралы ойларын ортаға салды.
Сенаторлар алдағы күндерде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен, профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесуді жоспарлап отыр.
Ал, Сенатор Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Водопроводный ауылындағы «Жанбай» және Новокаменка ауылындағы «Карасев және К» ЖШС-тің еңбек ұжымдарымен кездесіп, «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның ережелерін түсіндірді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді және жаңашылдықпен пайдалану, жер телімін пайдалану мақсатын алмастыру рәсімдерін оңайлату секілді мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.
Сенатор еңбеккерлерге «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Парламенттің заң шығару жұмысы туралы да айтты.
2016 жылғы 4 мамырда депутат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің басшылығымен және аймақтық «Тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғаудың ассоциациясының» төрағасымен кездесті. Жүздесу барысында «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары, сондай-ақ Жер кодексінің негізгі ережелері талқыланды.