деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, заң жобасы 2009 жылдың желтоқсан айының 11-індегі -Санкт-Петербор қаласында қол қойылған Сәйкестігі міндетті бағалануға (расталуға) жататын өнімнің Кеден одағының аумағындағы айналымы туралы келісімді ратификациялау үшін әзірленді. Келісімді ратификациялау Кеден одағының аумағындағы өнімнің еркін айналымын қамтамасыз етуге жағдай жасап, сәйкестігі бағалануға міндетті өнімді Кедендік одаққа әкелу және оған мүше мемлекеттер арасында тасымалдау тәртібін айқындауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ келісім бірыңғай кедендік аумаққа әкелінетін сәйкестігі міндетті бағалануға жататын өнімге, сондай-ақ бір мемлекеттен екінші мемлекетке тасымалданатын өнімге қатысты қолданылады.