Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Жылқышиевтың айтуынша, жайылымдарды тиімді пайдалану және оларды суландыру бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізу маңызды. «Мал шаруашылығының дамуы бірінші кезекте жайылымдық алқаптардың жай-күйіне және оларды пайдалануға байланысты болса, оларды пайдаланудың қазіргі уақыттағы басты проблемасы жайылымдардың суландыру құрылыстарының ішінара немесе толықтай істен шығуы және елді мекенге жақын орналасқан жайылымдардың тапталып бүлiнуi болып табылады», - дейді ол.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Үкіметке, бірқатар министрліктер мен ведомостволарға жайылымдық мал шаруашылығын кешенді дамыту мақсатында өңірлердің әлеуетін ескере отырып, шалғайдағы жайылымдарды суландыру бойынша кешенді іс-шаралар Жоспарын бекіту, шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу бойынша арендалық негізде мемлекеттік жер қоры есебінен және иелері, пайдаланбайтын жайылымдық жерлерден жайылымдық жер бөлу мерзімін ұлғайту бағытында бірқатар ұсыныстар әзірленді. Бұдан бөлек, жиын барысында шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жұмысшыларына медициналық көмек көрсету, малшылардың балаларын орта білім алуы үшін мектеп-интернаттарға орналастыру және жоғары оқу орындарына түсу үшін грант бөлу сұрақтары пысықталды.