Сенаторлар шекаралық өткізу бекетіндегі кемшіліктерді анықтап қайтты

Фото: None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бірқатар шаруа қожалықтарында, шекаралық өткізу бекетінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен сенаторлар Железин ауданының Башмачное ауылдық округіндегі «AgroCapital» серіктестігінің жұмысымен танысты. Мекеме басшысы Арман Қазымбетов депутаттарғасуармалы жерлердің жағдайы және шаруашылықты одан әрі дамыту мәселелері туралыайтып берді.

Ал Прииртышский ауылдық округіндегі «Неупокоев В.И.» шаруа қожалығыныңбасшысы Владимир Неупокоев көктемгі егіс жұмыстары уақытында аяқталғанын, биылБеларусь елінен жаңа тұқым себу кешені сатып алынғанын айтты. Қожалықжұмысшылары суармалы жерлермен де жұмыс істеуді көздеп отыр.

««БОЛАШАҚ-АГРО» серіктестігінің алқабында болған кезде шаруашылық басшысы ҚуатАнафин суармалы жерлердің жағдайы туралы сенаторларды хабардар ете келіп,алдағы уақытта суармалы жердің аумағын 700 гектардан астамға дейін ұлғайтужоспары туралы айтты. Депутаттар сумен қамтамасыз ету мәселелеріне жәнежергілікті халық бұрыннан суын пайдаланып келе жатқан Подстарое көлініңжағдайына назар аударды», - делінген баспасөз ақпаратында.

Бұдан әрі халық қалаулылары Қазақстан мен Ресейдің шекарасындағы Өрлітөбеөткізу бекетінде болып, адамдар мен жүктердің құжатын тексеретін кабиналардықарап шықты. Бір адамға қажетті барлық процедурадан өтуге қанша уақытжұмсалатынын анықтады. Көтерілген проблемалы мәселелерді сенаторлар жекебақылауларына алды.

Соңғы жаңалықтар