деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, аталмыш құжат мемлекеттің фискалдық мүддесі мен халықаралық саудаға қатысушылардың заңды мүдделері арасындағы экономикалық тепе-теңдікті қалыптастыру болып табылады. «Трансферттік баға белгілеу туралы қолданыстағы заң 2008 жылдың шілде айының 5-інде қабылданған. Бірақ заман құжат талаптарын жетілдіруді қажет етіп отыр. Осыған қарай құжатта жеке қолданылатын анықтамалар мен ұғымдар нақтыланды. Ұзақ мерзімді келісімшарттар үшін баға белгілеу әдісі ретінде «бағамдау кезеңі» деген жаңа ұғым мен оны айқындау тәртібі енгізілді. Сондай-ақ бағамдау кезеңінің орташа арифметикалық бағасын есептеу тәртібі қоса енгізілді. Құжатта нақтылау және редациялау бағытында өзге де бірқатар өзгерістер енгізілген», деді Б.Жәмішев.
Отырыста құжатты екі оқылымда қараған депутаттар оны Мәжіліске қайтару қажет деген байламға келді.