деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста аталмыш құжа бойынша қосымша баяндаманы депутат Рашит Ахметов жасады. Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы жалған кәсіпкерлік пен онымен байланысты қылмыс түрлерінің алдын алу мақсатын көздейді. Құжат күшіне енсе, Азаматтық, Қылмыстық және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері мен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» өзге де бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізілетін болады. Құжат Бас комитетке екінші оқылымда қарауға жіберілді.