Сенаторлар жалпы қалалық сенбілік аясында 150 көшет отырғызды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының депутаттары мен Палата Аппаратының қызметкерлері елордада өткен дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

Шара барысында сол жақ жағалауға жүз елуден астам шырша мен қарағай көшеттері отырғызылды.