Кездесуге Қызылорда облысы Әділет департаментінің, аймақтық Кәсіпкерлер палатасы мен Заңгерлер одағының өкілдері сондай-ақ, өңір кәсіпкерлері қатысты.
Жиын барысында Сенат депутаттары Елбасының биылғы жылғы арнайы Үндеуі жайлы айтып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп өтті.
Халық қалаулылары дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатында мемлекеттік билік бұтақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістердің жобасын талқылау барысында кәсіпкерлер өздерінің бірқатар ұсыныстарын білдірді.