Сенатта әскери-техникалық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары Икрам Адырбеков және Мұхтар Алтынбаев Франция әскери-өнеркәсіп кешенінің ең ірі өндірушілерінің бірі болып табылатын «NEXTER» компаниясының басшылығын қабылдады.

Компания өкілдері сенаторларды өз өнімдерімен таныстырып, арнайы техникамен қамтамасыз ету саласы бойынша қазақстандық тараппен ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Сенаторлар бүгінгі күні «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру аясында өткізіліп жатқан әртүрлі күштердің қару-жарақ пен әскери техникасын жаңғырту саясатын түсіндірді.