кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы оңалту рәсімін қолдану бөлігінде банкроттық жүйені жетілдіру мақсатында әзірленді. Осыған байланысты заң жобасымен Қазақстанның үш кодексіне және алты заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Мәселен, ҚР Азаматтық кодексіне төлемге қабілетсіз борышкерге оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған жеделдетілген оңалту түріндегі шаралар қолдану бөлігінде; ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне соттың оңалту және жеделдетілген оңалту туралы істерді ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау бөлігінде түзетулер енгізіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексіне) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі талаптарды кредиторлар талаптарының тізіміне енгізу жөніндегі келіспеушіліктерді жоюға бағытталған нақтылаушы түзету енгізіледі.