Сенатта бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске

асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы еліміздің Конституциялық Кеңесі конституцияға жатпайды деп таныған заңдардың немесе басқа да нормативтік құқықтық актілердің құқықтық зардаптарын реттеу мәселелеріне бағытталған.

Заң жобасымен Қылмыстық іс-жүргізу, Азаматтық іс-жүргізу кодекстеріне, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілетін болады.

Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.