Сенатта бизнес мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтеді
"Ақпанның 24-і күні ҚР Парламент Сенатында отандық бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттің осы саладағы өзара іс-қимылын қамтасыз ету заңнамасы тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді", - деді Жұманбай бүгінгі брифингте.
Ал ақпанның 22-сі күні Парламент Мәжілісінің пленарлық мәжілісі болады. Онда Ембі полигонына қатысты тиісті құжаттардың заңды күшін тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы xаттаманы қарастырады.
"Пленарлық отырыстың күн тәртібінде профильді комитеттерге жаңа заң жобаларының қорытындысын дайындау мерзімін белгілеу көзделген. Атап айтсақ, мемлекеттік білім беру жинақтары мәселесі бойынша заңнамалық түзетулер, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында Ақтөбе-Мақат жолын жөндеу үшін заем жөніндегі келісім жобасы, сондай-ақ табиғи теріден жасалған киімдер, киімнің керек-жарақты және өзге де бұйымдарды таңбалауға арналған пилоттық жобаны ұзарту туралы xаттама бар. Сондай-ақ палата электр энергетикасы мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жалғастыру жайын да қарастыратын болады", - деп атап көрсетті Жұманбай.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте Мұрат Жұманбай Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты құрылған тергеу комиссиясының құрамын жариялады . Бүгіннен бастап Орталық коммуникациялар қызметіндегі апталық брифингтер жаңа форматта өтетін болды. Жұманбайдың айтуынша, ағымдағы аптада бес бірдей министр есеп береді.