деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Жиынды әзірлеу және оны өткізу жөніндегі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Ұйымдастыру комитеті жұмыс тобының жетекшісі, Сенат Аппаратының Басшысы Мұрат Нұртілеуов баяндады.
Жиын бағдарламасында үш: «Өңірлік қауіпсіздік (Ауғанстан, терроризм және есірткі тасымалымен күрес, қарусыздану)», «Еуразия: жаңа нарықтар және қатерлердің арта түсуі (экономикалық даму, сауда, ресурстарды басқару, еңбек көші-қоны, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелер)» және «ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдері (діни толеранттық, саяси даму, адамдар саудасымен күрес, гендерлік теңдік)» сессияларын өткізу қарастырылған.
Трансазиялық парламенттік жиынға әлем қоғамдастығындағы елдердің ұлттық парламенттері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің 350-ге жуық делегат келетін болды.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету аясындағы Трансазиялық парламенттік жиынның Қазақстанда өтуінің саяси зор маңызына отырысқа қатысушылар назарын аударды. «Бұл жиын парламентаралық үнқатысу мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, ЕҚЫҰ-ның басты міндеттерін шешуде парламентшілердің іс-қимылын белсенділендіру мен ролін арттыруға бағытталған»,-деді төраға.