Заң жобасының мақсаты – навигациялық пломбалар мен оның инфрақұрылымын пайдалана отырып, транзиттік тасымалдарды қадағалап отыру жүйесін құру, осындай жүйенің ұлттық операторын және оның өзара іс-қимыл жасау. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау болып табылады.
«Құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша ҚР Үкіметінің өкілеттігін айқындауға; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі заңнама нормаларын бекітуге, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасау, пломбаларды жалға алу, жауаптылық мәселелерін реттеуге бағытталған.
Жоба қабылданғанда навигациялық пломбаларды пайдалану негізінде қадағалап отыру жүйесін құру бақылауды қашықтықтан жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлар бар көлік құралының Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өту маршрутын қадағалап отыруға мүмкіндік береді», - делінген Сенаттың баспасөз хабарламасында.
Құжат палатаның қарауына жіберілді.