деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесуді аша келіп салалық комитеттің төрағасы Ахан Бижанов халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық тұрғыда қолдау Парламенттің заң шығару жұмыстарындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру жоспарының бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жедел жұмыстар атқарылды. Әлемдік қаржы дағдарысы зардаптарын еңсеру үшін ең алдымен еңбекпен қамту стратегиясы аясында «Кейбір заңнамалық актілерге еңбекпен қамту мен кепілді әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң еңбекке тарту мен кепілді әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіруге арналып отыр. Одан басқа Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Халықты еңбекпен қамту туралы», «Кепілді әлеуметтік сақтандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізілді. Осы тақырып бойынша сөз алған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарлама бағыттарын уақытында құқықтық бекемдеу республикалық бюджет туралы заңға, еңбекпен қамту, міндетті әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Жол картасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 140 миллиард теңге қосымша бөлінді, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу рәсімдері оңайлатылды, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, кәсіби даярлық пен мамандарды қайта даярлау жағдайлары жасалды. Жол картасын жүзеге асыру үшін қосымша қаржы бөлу есебінен жергілікті бюджеттен 191,3 миллиард теңге бөлінді: жөндеу жұмыстарына 254 мың жұмыс орны мен жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту және халықтың мақсатты топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу есебінен уақытша 96 мың шамасындағы жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Кәсіби даярлау және мамандарды қайта даярлау жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға, еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шаралары аясында «жастар тәжірибесі» ұйымдаын құруға республикалық бюджеттен 8,6 миллиард теңге бөлініп отыр. Министрдің айтуынша, еңбекпен қамтудың аймақтық Стратегиясын жүзеге асыруға Жол картасы бағыттары бірінші траншпен қаржыландырылды, осы айда екіншісі болады. Осылайша, еңбекпен қамту мақсаттарын жүзеге асыруға аймақтарға 44 миллиардтан астам теңге жіберілді. Барлық облыстарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін қолданудың конкурстық рәсімдері болды. Жол картасы бағыттарының ішінде конкурстар аяқталып, әлеуметтік сала нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары қолға алынды. Мамандарды қайта даярлау мәселелеріне қатысты министр жаңа кәсіпті меңгеруге және экономиканы білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету ескеріле отырып, жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Бұл ең алдымен агроөнеркәсіп кешеніне, шетелдік жұмысшыларды бірте-бірте қазақстандық мамандарға алмастыру міндетіне қатысты. Министрдің айтуынша, еңбекпен қамтудың белсенді түрлерін жүзеге асыруға жергілікті атқару органдары 2009 жылы 5,9 миллиард теңге қарастырып отыр. Алдын-ала есептеулер бойынша 2009 жылғы 1 маусымда еңбекпен қамтуға жәрдемдесу шараларына 70,2 мың адам қамтылды, ол іске жергілікті бюджет қаржысынан 1,8 миллиард теңге игерілді. Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова халықты еңбекпен қамту саласындағы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаржысын бақылау және тиімді пайдалануына мониторинг жүргізуге қатысты депутаттардың сауалдарына жауап берді.
14:36, 10 Маусым 2009
Сенатта халықты жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлау жұмыстары және Жол картасын іске асыру барысы туралы мәселелер талқыланды
АНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында палата төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеевтің қатысуымен халықты жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлау жұмыстары және Жол картасын іске асыру барысы туралы мәселелер талқыланды,